Елімізде ауыр науқастарды емдейтін білікті мамандардың қатары артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ауыр науқастарды емдейтін білікті мамандардың қатары артты

11.12.2018

Отандық медицина ширек ғасырда ғасырдың ғажабына қол жеткізді. Дертіне дауа іздегендер шетелде емес, ел ішінде емделуге мүмкіндік молайды. Өйткені, елімізде ауыр науқастардың өзін емдейтін білікті мамандардың қатары артты. 1991 жылы елде 65 мың дәрігер болса, қазір олардың саны 7 мыңға көбейді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ауруханалардың да жағдайы мәз болмады. Ел бойынша небәрі 1800 емхана болса, қазір еселеп артып 4000-нан асты. Ал, республикалық деңгейдегі ғылыми медициналық орталықтар жоқтың қасы-тын. Қазір 7 орталық қызмет көрсетеді.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу