Астанада акушер-гинеколог мамандар тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада акушер-гинеколог мамандар тапшы

16.11.2018

Астанада ана мен бала өлімінің жиілеп кетуіне байланысты мамандар жаппай оқу курстарынан өтіп жатыр. Біліктіліктерін арттыру мақсатында дәрігерлер шетелдік мамандардан шеберлік дәрістерін алуда. Тағы 20-сы Израильге аттанды. 

Естеріңізде болса, жыл басынан бері елордада 7 әйел босану кезінде көз жұмған еді. Осы оқиғалардан соң оқыту шаралары күшейтілді. Сонымен қатар, Астанада акушер-гинеколог мамандар тапшы. Жетіспеушілік 15 пайыз. 

Жанар Құсайынова, Астана қалалық №1 емхананың бас дәрігері орынбасары:

- Ауылдан, басқа жақтан бізге келетін тұрғындар өте көп. Сондықтан, дәрігерлерге салмақ өте көп түседі. Жұмысқа алып қалу үшін, жағдайларын көтеру үшін 10 баспана берілді. 

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу