Семейде «Жұлдыз – Ардақ» балабақшасында 2 баладан менингит анықталды. Мұны мамандар растап отыр. Вирусты инфекцияның жеңіл түрін жұқтырған бүлдіршіннің бірі ем қабылдаған соң үйіне жіберілген. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы қалыпты. Сырқаттанған баланың екіншісі әлі ауруханада. Мамандардың мәліметіне сүйенсек, жұқпалы дерт жылда тіркеледі. Биыл менингиттің бұл түрі 4 пен 15 жастағы балалар арасында жиі анықталып отыр. Вирус шыққан балабақша жабылған жоқ.
Руфия Файнуллаева, қалалық Білім бөлімінің әдіскері:
- Екі жағдайға бола балабақша жабылмайды. Барлық алдын алу шаралары сақталады. Балабақша аумағында СЭС жұмыс жасауда. Балалар әр топта болғандықтан, қарым-қатынас болмаған.
Маржан Айтқазина, балабақша әдіскері:
- Бірінші кезекте біз ата-аналарға хабар бердік. Бұл топта зарарсыздандыру жасалып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Қосымша кварцтадық. Ол күніне 3 рет жасалады. Балабақшаға келіп жүрген балаларды қауіпсіздендіру үшін оның санын арттырдық.
Ержан ЖАҚЫП
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.