Вице-министрдің айтуынша «Электр энергетикасы туралы» жаңа Заң жобасын әзірлеуге негізінен инвестициялық климатты жақсарту, саладағы нарық субъектілері арасында өзара байланыстың тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындап отыр.
«Заң жобасы аясында электр энергиясы бойынша тарифтерді белгілеу абоненттік төлем енгізу арқылы жетілдірілмек. Әрі саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін алдағы уақытта ұзақмерзімді инвестициялық келісімшарттар жасау қарастырылады, бұл ретте электр өндіретін нысандар үшін нақты міндеттемелер қойылады», - дейді вице-министр.
Индира БЕГАЙДАР