Қазақстандық балалардың көбі артық салмақтан арыла алмай келеді. Бұған Жедел тамақтану орталықтарының көбеюі, жасөспірімдердің спортпен шұғылданбауы себеп. Бүгін Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен ЮНИСЕФ ұйымы кездесу өткізіп, осындай мәселелерді талқылады. Қос тарап балалардың тамақтану жүйесі жөнінде серіктестік меморандумын бекітті. «Жалпы, бұл жаһандық түйткіл, сондықтан, оны халықаралық ұйым болып шешу керек», - дейді мамандар. Мәселен, 1975-2016 жыл аралығында әлем бойынша толық балалардың саны 11 миллионнан 120 миллионға дейін көбейген. Сондықтан, бүгінгі Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ аймағында ана мен баланың тамақтануын жақсартуға септесу туралы түсіністік келісім шартының маңызы зор болмақ.
Дәулетхан Серғазыұлы, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының кеңесшісі:
- Қалалық жерлерде толық балалардың саны көбейіп келе жатыр. Жасыратын ештеңе жоқ, Орталық Азияда, Кавказда, кейбір елдерде аштық та бар. Балаларды аштықтан құтқаруға ЮНИСЕФ арқылы жұмысты бастап жатырмыз.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.