Жыл басынан бері менингококк инфекциясынан 15 адам қайтыс болған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен хабарлады. Мамандар минингиттің менингококкты, іріңді және сероздық деп аталатын үш түрі бар екенін айтты. Қазір бірен-саран тіркеліп жүргендері сероздық минингитке жатады және ол адам өміріне қауіп тудырмайды. Қазір сероздық менингит бойынша Астанада 7 бала мен бір үлкен адам ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер аурудан сақтану үшін қолды жиі жуып жүруді және жеміс-жидекті жуып жеуді әдетке айналдыруды ескертті. Сондай-ақ, жылы киініп, иммунитеттің әлісіреп кетпеуін қадағалау маңызды екенін айтты.
Лаура Ахметниязова, ҚР ДСМ комитет төрағасының орынбасары:
- Менингококкты инфекция жыл басынан бері 85 адамда расталды. Оның 51-і Алматы қаласы мен Алматы облысында тіркелді. Қазір жағдай тұрақты. Менингококкты инфекция бойынша 100 мың адамға шаққанда 0,5 адамнан келіп тұр. Бұл шектік мәннен 4 есе аз.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.