Өкпе және тыныс алу мүшелері аурулары асқынып тұр. Бұл ең қатерлі 5 сырқаттың қатарына жатады. Ал, оны емдейтін дәрігерлер тізім жүзінде жеткілікті болғанымен іске келгенде тапшы. Мұның мәнісін Денсаулық сақтау министрі Еуразиялық респираторлық қоғамның отырысында түсіндіріп берді.
Қазір жиі кездесетін әрі қауіпті аурулар туралы бағдарлама жасалуда. Ішіне созылмалы өкпе дерті де кіргізілген. Енді сонымен айналысатын мамандардың жалақысы 20 пайызға артпақ. Халықаралық конференцияда ғалымдар аурудың алдын алу, диагностика және емдеудің тиімді әрі сенімді тәсілдерін де сөз етті.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Біздің штаттық нормативте қамтамасыз етілген 85 пайыз. Бірақ, көп дәрігерлер 1,5 немесе 1,7 ставкаға отыр. Оның себебі, дұрыс жалақы алу үшін екі жұмыс істеп жатыр. Әрине, шынына келсек, 50 пайыздай тапшылық бар. Бұл маңызды мәселе. Елбасының тапсырмасының арқасында пульмонологтарды қолдап, жалақысын өсіріп, мотивация жасап, практикалық деңгейге, алғашқы медициналық деңгейге жіберуіміз қажет.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.