Қант диабетіне шалдыққандар дәрі-дәрмекпен толық қамтылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. Биылға арналған тізімге 48 түрлі дәрілік зат пен медициналық бұйым енген. Бұдан бөлек, өңірлерден қант диабеті бойынша қосымша ақпарат түсіп, тағы 600 миллион теңге бөлінген. Ал келесі жылға қажетті барлық тегін дәрі-дәрмектер бойынша сатып алу келесі айда өтеді.
Ал, қараша-желтоқсан айларында сатып алынған дәрі-дәрмектер өңірлердегі тиісті қоймаларға жеткізіледі. Бұл мақсатқа 203 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.
Сондай-ақ, келесі жылдан бастап барлық дәріханалардағы бағалардың алшақтығы заңмен реттелмек.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
-Арнайы заң әзірлеп қазір ол еліміздің Парламентінде қаралып жатыр. Келесі жылдың қаңтарынан бастап бүкіл дәріханаларда дәрі-дәрмек бағаларын реттейтін механизмдер енгізіледі.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.