Балалар сколиоз ауруына жиі шалдығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалар сколиоз ауруына жиі шалдығады

30.08.2018

Әлемде балалардың 40%-ы  омыртқаның қисаюынан зардап шегеді. Белең алып бара жатқан індеттің алдын алу және тиімді ем-дом шараларын талқылау үшін «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» және «Жұлын хирургтарының Азия-Тынық мұхиты» қоғамының өкілдері бас қосты. Жиын барысында Малайзия, Жапония, Сингапур, Үндістан сияқты шетелдердің жетекші дәрігерлері шеберлік сабақтарын да өткізді. Дәрістер кезінде білікті мамандар қазақстандық әріптестеріне омыртқа жотасының түрлі патологиялары бар науқастарды хирургиялық жолмен емдеп, операциядан кейінгі асқынуларды болдырмау үшін қажет амал-тәсілдерді үйретіп, тәжірибе алмасты. 

Болат Нағыманов, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының» бөлім меңгерушісі:

- Бүгінгі таңда бұл тақырып өте маңызды. Себебі, аурулардың саны күннен-күнге артып келуде. Ем-шараларға көзқарастар өзгеріп жатыр. Сондықтан да осындай сұхбаттасу, үлкен съездерді өткізу осы ғылым нәтижесін дамытуға өзінің үлесін қосады. 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу