Астанаға Израильден бірнеше дәрігер тәжірибе алмасу үшін келді. Олар перинаталдық орталықтағы акушерлерге өз білгендерін үйретіп жатыр. Естеріңізде болса, жақында ғана елордада 4 бірдей ана өлімі тіркелген еді. Қайғылы жағдайға нақты не себеп болды, әлі белгісіз. Қазір ол бойынша республикалық комиссия жұмыс істеп жатыр. Нәтижесі тамыздың 20-сында белгілі болады. Ал, израильдік мамандар болса, жайсыз оқиғаға ақ халаттыларды кінәлаудан аулақ. Астаналық дәрігерлердің біліктілігі мен перинаталды орталықтардың жабдықталуына жоғары баға беріп отыр. Олардың айтуынша, Қазақстан ана өлімі бойынша кейбір Еуропа елдерінен көп төмен тұр. «Төрт жағдайдың бас-аяғы бір айдың ішінде қатар келуі халық арасында алаңдаушылық пен сенімсіздік тудырып отыр», - дейді шетелдіктер. Ал, қайтыс болған төрт келіншектің екеуінің баласы үйлеріне жіберіліпті.
Әлия Рүстемова, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы төрағасының орынбасары:
- Бірінші қайтыс болған келіншектің баласының жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Сәбиде неврологиялық сырқат белгілері бар. Екінші, төртінші жағдай бойынша, ол балалар үйлеріне шығарылды. Үшінші баланың жағдайы тұрақты. Аз уақыттан соң оны да үйіне жібереміз.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.