Түркістан облысында ситуациялық орталық іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында ситуациялық орталық іске қосылды

20.06.2018

Түркістан облысында медициналық емдеу орындарының жұмысын қадағалау және оны виртуалды жүйемен басқару мақсатында ситуациялық орталық ашылды. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асқан жаңа жоба бойынша енді өңірдегі барлық 79 емхана жұмысы бір жерден бақыланады. Бұл әрбір ауруханада дәрігерлер жұмысының тиімділігін, науқастарға нендей ем шаралар жүргізілгенін, дәрі-дәрмек қорындағы ахуалды қадағалап, проблемалық мәселелерді жылдам шешуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, дәрігерлер орталық қызметінің арқасында қағазбастылықтан арылды. Саланы сандық технологияға көшіру бойынша атқарылған істердің нәтижесінде бүгінде облыстағы 1,5 миллион адамның денсаулық картасы түзілді. 69 емдеу мекемесі 30 түрлі есептік мәлімет қағаздарын электронды жүйеде толтырып жатыр. «Ситуациялық орталықта» жинақталған мәлімет бойынша күнбе күн емдеу орындарының рейтингі түзіліп, атқарылған жұмыс нәтижесі сараланады. . 

Айгүл Иманалина, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Қай мекеме қандай жетістікке жетті немесе қай көрсеткіш бойынша соңғы орында тұр? Нендей өзекті мәселелер бар? Кадр тапшылығы бар ма, ұйымдастыру қабілеті төмен бе соның барлығын көріп, рейтинг түзіледі. Соған сәйкес, әр мекемемен жұмыс жүргіземіз. 

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу