Менингит бойынша елдегі ахуал тұрақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Менингит бойынша елдегі ахуал тұрақты

12.06.2018

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. Диагнозы нақтыланған науқастар саны өткен аптадағыдай 60 адам. Қазір ауруханаларда 11 адам бар. Олардың жағдайы министрдің жеке бақылауында. Айта кету керек, кеше менингит болуы мүмкін деген күдікпен екі адам ауруханаға жатқызылған. Бірақ, әзірге олардың диагнозы расталған жоқ. Министр сондай-ақ, Қаскелеңдегі Жұқпалы аурулар ауруханасына қатысты да п3кірін айтты. 

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- 2017 жылдың қазан айында Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті арнайы тексеріс өткізіп, кемшіліктерді жою туралы әкімшілікке хабар жібергенбіз. Әкімшілік шілде айының соңына дейін кепілдік берді. Жөнделсе, әрі қарай жұмыс істейді. Жөнделмесе, сот арқылы жабу туралы шешім ұсынамыз.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу