Бұған медицина саласына енгізілген заманауи технология және шетелдік ғалымдармен тығыз жұмыс істеудің арқасында қол жетіп отыр. Мұндай хирургиялық емдік шараға созылмалы дертке шалдыққандар зәру. Қазірігі кезде елімізде жүрекке донор тапшы екені белгілі.
Мамандар «мұндай операциялар науқасқа донор табылғанға дейін өмір сүруге мүмкіндік береді», - дейді. Осы күндері Таразда халықаралық конференция өтіп жатыр. Оған Жапония, Түркия, Үндістан, Пәкістан мемлекеттерінің үздік кардиолог мамандары қатысуда. Айта кету керек, бүгінде өңірде 250-ге жуық адам кардиоесепте тұр.
Сейтхан Жошыбаев, Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының директоры:
- Бұл адамдар жүріп, далаға шығып, жеңіл жұмыстарды істей алады. Бұл үлкен жетістік деп ойлаймыз. Әлі де алға қойған мақсат, атқаратын жұмыстар көп.
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.