Елімізде тегін медициналық көмектің жаңа моделі жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тегін медициналық көмектің жаңа моделі жасалады

03.05.2018

Қазір жобалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы сайлауалды бағдарламасының «Денсаулық» бағыты жөніндегі комиссия отырысында мәлім болды. Мамандардың айтуынша, ең алдымен денсаулық сақтау ісін – қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, аурудың алдын алуға бағыттау керек.

Сондай-ақ, Жолдауда жүктелген қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту қажет. Салаға жауапты министрлікке осыны жеткізген комиссия мүшелері кепілдік берілген тегін медициналық көмектің жаңа моделін енгізу мәселесін тездету керектігін айтты. Сонымен қатар, өңірлермен байланыс орнатылып, ұсыныс пікірлер тыңдалды. Ұтымды ұсыныстар комиссия тарапынан ескерілетін болады.

Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Нақты ұсыныстар бар. Мысалы, бізде диспансерлік топтар өте үлкен көлемде. Қазір барлық мамандар соның мөлшерін азайту жолын іздеп жатыр. Адам баласына біріншіден, медициналық көмектің қолжетімділігі, сапасы және де дәрі-дәрмектің бағасы маңызды.

Досымжан ЕРМҰРАТ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу