Елімізде екпе егуге қарсылар азаяр емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде екпе егуге қарсылар азаяр емес

25.04.2018

Елімізде 13 мыңнан астам адам профилактикалық екпе салдырудан бас тартқан. Олардың жартысы діни себеппен медициналық процедураны қабылдамағандар. Сондай-ақ, отандастарымыздың 35 пайызы препараттардың сапасына күмән келтірген. Мамандар көбіне батыс аймақтың тұрғындары екпеге қарсы шығады деп отыр. Дәрігерлер мұндай немқұрайлықтың соңы ауыр салдарға әкелуі мүмкін деп ескертеді. «Яғни, полиомелит, қызылша, пандемиялық тұмау сынды қауіпті инфекциялық аурулар өршіп кертуі мүмкін», - дейді.    

Нұршай Әзімбаева, ҚР ДСМ Эпидемиялық бақылау басқарманың бас маманы:

- Адамдар бүгінгі күні ақпараттың жеткіліксіздігінен көбіне бас тартып отыр. Екінші айта кететін мәселе, дәстүрлі емес жолдағы адамдардың бас тартатыны алаңдатып отыр. Біз сол діни жолда жүрген адамдардың басшыларын осы жұмысқа тартып, ешқандай дін адам денсаулығын сақтауға қарсы еместігін жеткізіп жатырмыз.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу