62 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

62 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынбақ

04.01.2018

 

«СК Фармация» компаниясы қазақстандық науқастарға тегін  таратылатын дәрі-дәрмектің 9 айлық қорын сатып алмақ. Нақтырақ айтсақ, компания 62 миллиард теңгеге қажетті медициналық өнім алып, қазақстандықтарды қамтамасыз етпек.

 

Бүгін дәрі-дәрмек өндіретін 33 компания тендерге қатысып, «СК Фармация» өкілдері олардың өтініштерін қарастырды. Тендер қорытындысы  ақпан айында белгілі болады. Сол айдың аяғында  дәрі-дәрмек Қазақстанның бүкіл өңіріне жеткізіледі деген жоспар бар.

 

Ақысыз дәрілердің басым бөлігі әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге бағытталған. Олардың ішінде туберкулез, обыр дерті, қант диабеті, ВИЧ, гепатит сынды 49 ауру түрі кездеседі.

 

Айта кетейік, бүгінде Қазақстандағы дәрі-дәрмектің 72 пайызы импорт.

 

Людмила Бюрабекова, ҚР Денсаулық Сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы:

Өткен жылдың желтоқсанында тендер ұйымдастырып, 90 күнге жететін дәрі қорын сатып алып, науқастарға тараттық. Олардың барлығы стационарлық және амбулаторлық режимдегі науқастарды емдеуге бағытталды. Бүгінгі тендер алдағы 9 ай бойы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылып отыр.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу