Астанадағы «Ана мен бала» орталығында «Онкология-3» бөлімшесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы «Ана мен бала» орталығында «Онкология-3» бөлімшесі ашылды

26.12.2017

Мұнда аты жаман ауруға шалдыққан бүлдіршіндер емделеді. Қайта жөндеуден өткен бөлімше бөлмелері мен дәлізі түрлі-түсті, қызықты суреттермен безендірілген. Шет елден жеткізілген жиһаздары да талапқа сай. Игі істі еріктілер өз күшімен іске асырды. Мекеме тарапынан ешқандай қаржы жұмсалмаған. Шара соңы мерекелік концертке ұласып, Астана циркінің  әртістері сырқаты ауыр сәбилерді күлкіге қарық қылды. «Бұл науқас балалардың көңілін көтеріп, алып жатқан емінің шипасын арттырады», - дейді мамандар.

Олжас Тортай, ерікті:

- Тек қана дизайнын ғана емес, әрлеуін де біз жасадық. Қабырғаларын да боядық. Бұған жұмыс істеп үйренген әріптестерді тарттық. Олардың бәріне рахмет. Көзге онша көп емес сияқты болып көрінгенімен, білгенге үлкен жұмыс.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу