Шетелдік мамандар аутизм дертінің генетикалық факторларын анықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік мамандар аутизм дертінің генетикалық факторларын анықтады

07.11.2017

Ауру тұқым қуалай ма, өзге ұрпақтарға әсері бар ма? Бұл тақырып Астанадағы халықаралық жиында талқыланды. Зерттеу жүргізген канадалық маман Джейкоб Вортсманның айтуынша, геномдық әдісті анықтау арқылы  келешекте емдеу жолдарын қарастыруға мүмкіндік бар. Жаңа тәсілмен науқастардың генетикасын тексере отырып, «олардың туыстары, ата-аналары бұл дертпен шалдығуы мүмкін бе?» деген сауалға жауап бере алады. Елімізде 3000-ға жуық адам осы аурумен тіркеуде тұр. Оларды емдеуге арналған 4 орталық жұмыс істейді. Десе де, «қазақстандық медицина әлі де шетел тәжірибесіне мұқтаж», -дейді мамандар. 

Джейкоб Ворстман, Торонто қаласы балалар госпиталінің доценті /Канада/:

 - Осы күнге дейін аутизм ауруының нақты емі табылған жоқ. Бұл ретте мидың биологиялық механизмі үлкен рөл атқарады. Сондықтан да біз оның генетикалық жолын анықтауды жөн көрдік. Алдағы 15-20 жылда аурудын айығу жолдарын ұсына аламыз деген үміттемін. 

Хабарламаларға жазылу