Павлодар облысында ветеринарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында ветеринарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілді

06.11.2017

Ветеринарлық мекемелер салу, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру мақсатында бөлінген қаржы толық игеріліп, нәтижесінде шалғай ауылдарда ондаған ветеринарлық пунктер ашылды. Мәселен, Ақтоғай ауданында негізінен мал шаруашылығын дамытуға басымдылық берілген. Соған қарамастан, 80-ші жылдардан бері ветеринарлық пункттер жаңартылмаған. Биыл бюджеттен бұл мақсатқа 17 млн. теңге қаржы бөлінді. Сөйтіп, аудан бойынша мал ауруларының алдын алуға толық жағдай жасалған алғашқы нысан салынды. Мұнда малға екпе салып, қан алынады. Сараптамасы жасалады. Келер жылы осындай тағы бес нысан салу жоспарланып отыр.

 Ағзам Нұрғазин, Ақтоғай ауданының ветеринария бөлімінің басшысы:

- Бұл ветеринарлық пунктте мал ауруының алдын алуға барлық жағдай қарастырылған. Төрт түлікке екпе салатын жер, белгі соғуға икемді арнайы қоршау бар. Заманауи ветеринарлық құрал-жабдықтар жеткілікті. Яғни, малды өсіруге ынта болса болғаны. Қауіпсіздік шаралары бойынша аландаудың реті жоқ.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу