Қазақстандықтар сапасы жақсы дәрілермен қамтамасыз етілуі тиіс – Мәжіліс депутаты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар сапасы жақсы дәрілермен қамтамасыз етілуі тиіс – Мәжіліс депутаты

02.11.2017

Соңғы кездері қазақстандық дәрігерлер науқастарға жоғары сапалы дәрілердің орнына синтетикалық препараттар жазып беріп жүр. Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Денсаулық сақтау министріне сауал жолдап, тұрғындар тарапынан шағымдардың жиілеп кеткенін айтты. «Қазақстандықтар сапасы жақсы дәрілермен қамтамасыз етілуі тиіс», - дейді ол. «Емін жалғастыру үшін отандастарымыз шетелден 25 мың теңге тұратын дәрілерді сатып алуға мәжбүр», -  дейді депутат.

Магеррам Магеррамов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

 - Талма ауруымен ауыратын балаларға берілетін дәрі бауыр мен өкпенің асқынуына әкеп соғады. Бұрын жедел жәрдем шақырғанда қан қысымын төмендету үшін сульфат пен магнийі бар «Магнезия»  беретін, ал қазір оның орнына «Энап» ұсынылады, ал, оның кейбір адамдардың денсаулығына кері әсері бар екені белгілі.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу