Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының құрылғанына 85 жыл толды. Айтулы датаға орай дәрігерлер салтанатты жиын өткізді. Шараға ана мен бала саулығына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлер, серіктестері, басқа да медициналық мекемелердің өкілдері қатысты. Орталық ұжымы бір ғасырға жуық уақыт аралығындағы өткені мен бүгінін саралап, қол жеткен табыстар - ақ халаттылардың жемісті үлесі екендігін айтты.
Сондай-ақ, олар басқосуда отандық педиатрия қызметінің бағыт-бағдарын талқылады. Жалпы, 300 орындық мекемеге республиканың әр қиырынан науқас бүлдіршіндер келіп, емделеді. Мұнда жыл сайын 6000-нан астам бала қаралады.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ