Оңтүстік Қазақстан облысында  ангиограф  қондырғысы  орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында  ангиограф  қондырғысы  орнатылды

27.10.2017

Оңтүстік Қазақстан облысында жүрек талмасына ұшыраған немесе қан тамырлары қысылып қалған науқастарды ажалдан аман алып қалудың мүмкіндігі туды. Клиникалық орталық ауруханаға ангиограф қондырғысы орнатылды. Енді мұндай жоғары технологияның көмегімен жыл сайын   мыңға жуық операция жасалады және 1500-ден астам медициналық зерттеулер жүргізіледі. Инсульт алған науқастар бұған дейін тамырда қанның ұйып қалуынан мүгедек болып, тіпті қайтыс болып та кететін.

Енді ангиографиялық кешеннің көмегімен бұл дертті оңай жеңуге болады. Сондай-ақ, сусамырмен ауыратын азаматтардың семіп бара жатқан аяқ-қолдарын кеспей-ақ сырқаттан айықтыру мүмкіндігі бар. Мұндай кешен Алматы мен Астана қалалаларынан кейін Шымкентте іске қосылды.  

Мұқан Егізбаев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

 - Инсульт болған аурулардың барлығына түскенде 30 миллилитр қан құйылған болса, бұл жерде мидың жарылған тамырларын орнына келтіретін операция осы жерде жасалады. Сонда инсульт болған науқастардың өмірін сақтап қалуға үлкен септігін тигізеді. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу