Семіздікті хирургиялық жолмен емдеуге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семіздікті хирургиялық жолмен емдеуге болады

03.10.2017

Семіздікті дәрі-дәрмекпен ғана емес, хирургиялық жолмен емдеуге болады. Қазақстандық медицина мамандары жаңа тәсілді қолға алды. Алғашқы нәтижелері жаман емес. Артық салмағы бар 350-ден астам адамға ота жасалған. Тағы 4000-ы жоспарда тұр. Бүгінде дүние жүзін алаңдатқан семіздік ауруы елімізде де жыл санап өршіп келеді. Соңғы деректерге сай, қазақстандықтардың 23 пайызы осы дертке шалдықса, 50 пайызы қалыптан тыс артық салмақ қосқан. Денеде калорияның көп болуы, өзге де ағзаларға әсерін тигізеді. Сондықтан да дәрігерлер жаңа тәсілдің көмегіне жүгінген жөн дейді. 

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу