Медициналық сақтандыру жүйесінің өзекті мәселелері әлі де талқылануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медициналық сақтандыру жүйесінің өзекті мәселелері әлі де талқылануда

21.09.2017

Қазір қоғамда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселелері әлі де қызу талқыланып жатыр. Бүгін Алматыға арнайы келген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бірнеше саланың өкілдерімен кездесті.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы жүйені жетілдіріп, жан-жақты қарастыруды тапсырған еді. Сондықтан, әр аймақта медициналық сақтандыру жүйесінің күрмеулі мәселелеріне қатысты түрлі жиын өтуде. Бүгінде қаржыландыру үшін құрылған қорға жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер тарапынан ақша аударылуда. Екі жылдың ішінде жиналатын қаржы сомасы 160 миллиард теңге болмақ. Бұл қаражат жаңа медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмек алуға әрі сақтандырылған азаматтарға дәрігерлік көмек беруге жұмсалады.

 

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу