«Ана мен бала» орталығында көмей тарылуы ауруы бойынша 19 балаға операция жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ана мен бала» орталығында көмей тарылуы ауруы бойынша 19 балаға операция жасалады

07.09.2017

Балаларда кездесетін көмей тарылуы ауруын енді отандық дәрігерлер хирургиялық жолмен елде-ақ емдей алады. Италияның атақты профессоры Роберто Пукседу «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығында қазақстандық дәрігерлерге шеберлік сағатын өткізіп жатыр. Инновациялық технологияларды қолдану арқылы 4 күн бойы кезекте тұрған 19 балаға күрделі операция жасалады. Бұған дейін науқастар ауруды тек шетелдерде емдеп келген болатын. Отаның құны 25 мың еуроға дейін жетеді. Ал, Қазақстанда ем бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Көмей тарылуын емдейтін операция тек «Ана мен бала» орталығында жасалады. Биыл 10 жылдығын атап өтетін ғылыми мекеме үшін бұл кезекті жетістіктерінің бірі.

Хабарламаларға жазылу