«JCI»  сертификаты – медицинадағы жетістік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«JCI»  сертификаты – медицинадағы жетістік

25.08.2017

Еліміздің республикалық диагностикалық орталығы мен Балалардың оңалтудың ұлттық орталығы халықаралық «JCI» ұйымының сертификатын алды. Бұл – әлемнің ең  сапалы әрі қауіпсіз медициналық мекемелеріне берілетін марапат. Диагностикалық орталық осыдан 3 жыл бұрын аталған ұйымнан аккредитациядан өткен.

Биыл тағы да әлемдік стандартқа сай келетін мекеме ретінде мойындалып отыр. «JCI» сертификаты - медицина саласындағы ең үлкен жетістіктердің бірі. Ол елімізде медициналық туризмнің дамуына септігін тигізеді. ТМД кеңістігінде мұндай сертификат 9 медициналық мекемеде бар.

Соның 6-ы Қазақстанда. «Бұл еліміздің медицина саласы әлемдік деңгейде мойындалып отырғанын білдіреді»,- дейді мамандар. 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу