Қостанай облысында «Агронауқан-2015» көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында «Агронауқан-2015» көрмесі өтті

02.04.2015
Қостанай облысында «Агронауқан-2015» көрмесі өтті

Қостанай облысы көктемгі егіске дайын. Аграрлық сала мамандарын жинап, кеңес өткізген аймақ басшылары осылай дейді.

Кеңестің соңы «Агронауқан-2015» деп аталатын ауыл шаруашылығы көрмесіне ұласты. Мақсат - шаруаларды отандық және шетелдік жаңа техникалармен таныстыру.

Көрмеге 60-тан астам отандық кәсіпорындардың өнімдері қойылған.

Биыл облыс бойынша  4 миллион 700 мың гектар жерге егін салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, облыс диқандарына 71 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай жеткізіледі. 

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу