Павлодарда Қырғыз елінен әкелінген карантиндік қаупі жоғары өнімдер тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда Қырғыз елінен әкелінген карантиндік қаупі жоғары өнімдер тәркіленді

01.08.2017

Яғни, шабдалы жемісінен жемір құрты анықталды. Өнімнің фитосанитариялық сертификаты болмаған. Заң бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Шабдалы жемірі» Қазақстанда жоқ. Бұл құрт өсімдік үшін өте зиян. Оның үстіне тез таралады. Ал, адам денсаулығына қауіпсіз. Тауарды Павлодарға әкелген кәсіпкер енді екінші мәрте айыппұл төлеуі мүмкін. Өйткені, зертханалық тексеру қорытындысы шыққанға дейін құрт түскен шабдалының жартысына жуығын сатып жіберген.   
 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу