Уақытылы скринингтік тексеруден өту қауіпті ауруларды болдырмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Уақытылы скринингтік тексеруден өту қауіпті ауруларды болдырмайды

26.07.2017

 

Бұл туралы Алматыда өткен «Сау бауыр - сау өмір» атты шарада дәрігерлер айтты.

Олардың сөзінше, бауырдың созылмалы аурулары басқа да дерттердің асқынуына себеп. Сондықтан, еліміздің әрбір тұрғыны жыл сайын кем дегенде бір рет ерікті түрде скринингтік тексеруден өтуі қажет. Себебі, бауырдың созылмалы аурулары асқынып кетсе, оны емдеуге ұзақ уақыт қажет. Бұл - науқас пен дәрігерлер үшін де тиімсіз. Ал, мамандар дертпен күресудің тағы бір тетігі ретінде саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен тұрақты шұғылдануды ұсынды. 

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу