Қазақстанда медициналық туризмді дамыту қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда медициналық туризмді дамыту қажет

03.07.2017

Кардиохирургия орталығында өткен конференцияда дәрігерлер осы мәселені талқылады. «Жалпы, еліміз бойынша туризм саласының мамандары 28 жоғары оқу орнында дайындалады. Сондай-ақ, мемлекетте 20 ірі медициналық мекеме бар. Олардың бесеуі халықаралық деңгейде жұмыс істейді. Осы ресурстарды пайдаланып, отандық медицинаны дамыту керек дейді»,- жиынға қатысушылар. Яғни, халыққа ем қабылдайтын орталықтар жөнінде толық ақпарат таратып, қосымша сайттар жасау керек. Бұған қоса, соңғы жылдары көрші Қырғыз елі, Тәжікстан, Өзбекстан азаматтары да Қазақстанға келіп емделе бастаған. Сол үшін де медицинадағы туризмнің маңызы зор болмақ. 

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу