Оңтүстік Қазақстан облысында шілденің шіліңгір аптабы басталғалы қарақұрт шаққан азаматтардың қатары көбейді. Күні бүгінге дейін ауруханаға улы жәндіктен жапа шеккен 33 адам жатқызылды. Оның үшеуі - жасөспірім. Тағы үшеуі - әйел. Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға түскендердің дені құрылыс жүргізіп жатқандар. Кейбірі қалың шөптің ішін аралаған. Өкінішке қарай, өңірде қарақұрттың уын қайтаратын дәрі жоқ. Мамандар оның бағасы тым қымбат екенін айтады. Оның үстіне вакцина елімізде қолданылатын дәрі-дәрмектердің тізіміне енбей қалған. Дәрігер-токсикологтар қазір оның орнына науқастардың иммунитетін күшейту арқылы ғана ем жасауда. Ал, күн ысыған сайын қарақұрттың күшіне мінетінін ескерсек, улы жәндік жұртшылықты әлі біраз әбігерге салатын түрі бар.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ