Медициналық сақтандыру жүйесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медициналық сақтандыру жүйесі талқыланды

15.06.2017

Халық міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне көшуге дайын ба? «Нұр отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесі бүгін осы сауалға жауап іздеп, жиын өткізді. Шараға Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен қоса депутаттар, кәсіпкерлер қатысты. Партия мүшелерінің айтуынша, шілденің 1-нен бастап енгізілетін жаңа жүйе жөнінде халықтың біршама бөлігі дұрыс ақпараттандырылмаған. Сондықтан, «нұротандықтар» бұл бағытта әрдайым жұмыс істеп келеді. Бүгін де партияның орталық аппараты өңірлердегі филиалдарымен бейнебайланысқа шығып, ахуалдарын сұрап білді.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу