ОҚО-да компьютерлі тамографиялық орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да компьютерлі тамографиялық орталық ашылды

09.06.2017

Оңтүстік Қазақстанда өңірдің шалғай ауыл-аймақтарындағы медицина қызметінің сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Өзбекстанмен шекаралас қонған Мақтарал ауданының Асықата ауылында компьютерлі тамографиялық орталық ашылды. Жаңа технологиямен жабдықталған емдеу орнында науқастың ағзасындағы өзгерісті небәрі 20 секунд ішінде анықтап, нақты диагноз қоюға мүмкіндік туды. Медициналық орталық күніне 60-қа тарта  адамды қабылдай алады. Бұған дейінгі қолданыста болған магнитті резонансты тамографиядан бір ерекшелігі, компьютерлік тамографияда өкпе құрылысы да түсіріледі.

Сондай-ақ, сүйек қаңқаларын әр қырынан анықтап көруге болады. Жаңа жабдықтың арқасынд аймақ тұрғындары енді дертін анықтау үшін орталыққа сабылмайды. 

Хабарламаларға жазылу