Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстарының үшінші кезеңі жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстарының үшінші кезеңі жалғасуда

10.04.2017

Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандырудың ақпараттық түсіндіру жұмыстарының үшінші кезеңі жалғасып жатыр. Бүгінде республикалық және өңірлік штабтар құрылып, бірнеше кездесу ұйымдастырылды. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігі Жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы мәлімдеді. Оның айтуынша, түсіндіру жұмыстары Жамбыл, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстарында белсенді түрде жүргізіліп келеді. Биыл жалпы, 1000-нан астам кездесу өткізіліп, 140 мыңнан астам адам қамтылған.  

 

 

Назым ҚАЙРАТ

Хабарламаларға жазылу