Дәрігерлер науқастарды үйде қабылдауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігерлер науқастарды үйде қабылдауы мүмкін

14.03.2017
Дәрігерлер науқастарды үйде қабылдауы мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов отандық дәрігерлерге кеңес берді. Қандай дейсіз ғой, ол науқастарды жалдамалы пәтерлерде қабылдау тиімді, дейді. Оның сөзінше, бір немесе бірнеше дәрігер бірігіп, пәтер жалдай алады.

 

Мәжілісте өткен денсаулық сақтау мәселелері бойынша заң жобасының таныстырылымында жаңашылдығымен таң қалдырған мекеме басшысы 500 орындық емханаларды салып алдық, ақыры адамдар сабылып бірнеше аялдамадан өтеді, ыңғайсыздық туғызады, ұзын сонар кезек.

 

Адамдар үшін бұл қызмет тегін болады, яғни міндетті медициналық сақтандырудың қаржысы бағытталады, деп отыр Елжан Біртанов.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу