Отандық жүк тасымалдаушылардың шет мемлекеттердегі белсенділігі артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық жүк тасымалдаушылардың шет мемлекеттердегі белсенділігі артты

30.03.2015
Отандық жүк тасымалдаушылардың шет мемлекеттердегі белсенділігі артты

Ұлттық арнаның Жаңалықтар қызметі Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары жеткен 100 жетістігін баяндайтын айдарын жалғастырады.  

Қазақстандық жүк тасымалдаушылар әлемдік нарықтан ойып тұрып орын алды.

Мәселен, отандық тасымалдаушылардың шет мемлекеттердегі белсенділігі 33 пайыздан 38 пайызға өсті.

Жалпы тасымалданған жүк көлемі де едәуір көбейді. 2010 жылмен салыстырғанда 24 пайызға артқан. Ал, тасымалданған жолаушылар саны 21 миллиардтан асты. 

 

Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу