«Астана-Батуми» бизнес-форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана-Батуми» бизнес-форумы басталды

30.03.2015
«Астана-Батуми» бизнес-форумы басталды

Алдағы жазда Астана мен Тбилиси арасында жаңа әуе бағыты ашылады.

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Астана-Батуми» бизнес-форумында айтылды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған шарада қазақстандық компаниялар үшін Грузияның, соның ішінде Аджария автономдық Реуспубликасының инвестициялық мүмкіндіктері  ұсынылды.  

Қазақстандағы Грузияның Елшісі Зураб Патарадзенің айтуынша, соңғы жылдары Грузияға Қазақстан тарапынан келетін қонақтар саны артқан.

Ал, Қазақстанның Халық банкі Грузиядағы ең беделді қаржы институтына айналған.  

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу