Елімізде соңғы 10 жылдың ішінде туберкулезбен ауыратын науқастардың саны екі есеге кеміген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде соңғы 10 жылдың ішінде туберкулезбен ауыратын науқастардың саны екі есеге кеміген

20.04.2016
Елімізде соңғы 10 жылдың ішінде туберкулезбен ауыратын науқастардың саны екі есеге кеміген
Бұл туралы Туберкулез проблемалары Ұлттық орталығының директоры Жұмағали Исмайылов айтты. Оның сөзінше, қатерлі аурумен күресудің тың тәсілдерін табу және осы бағытта күш біріктіру дүниежүзі ғалымдарының бас ауыртқан мәселесі.

Осы ретте АҚШ халықаралық даму агенттігінің аймақтық миссия директорының орынбасары - Сара Уолтер Қазақстанға арнайы келіп, USAID-тің Жаһандық денсаулық сақтау басқармасы арқылы «Бедаквилин» дәрісімен Қазақстанда туберкулезді емдеуге көмек көрсететінін жеткізді.

Хабарламаларға жазылу