Қарағанды облысындағы перзентханалар заманауи аппараттармен жабдықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысындағы перзентханалар заманауи аппараттармен жабдықталды

17.03.2016
Қарағанды облысындағы перзентханалар заманауи аппараттармен жабдықталды
Оның көмегімен дәрігерлер құрсақтағы нәрестені 12 апталығынан бастап бақылап, дұрыс жетілуіне нұсқау бере алады.

Қарағанды облысына қарасты бірнеше шағын қалалардың перзентханалары ультрадыбыстық зерттеу аппараттарымен жабдықталды.
Ұлт жоспарында мемлекет-жекеменшік әріптестік аясында медициналық қызметті дамыту, медициналық мекемелерге корпоративті басқаруды енгізу мәселесі баса айтылған.

Осыған орай жекеменшік компания мемлекеттік тапсырыс бойынша Жезқазған, Балқаш және Теміртау қалаларындағы перзентханаларды соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықтады.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу