Ардақ Теңгебаев: ЕАЭО Кедендік кодексінде құжатты электронды түрде жүргізу көзделген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ардақ Теңгебаев: ЕАЭО Кедендік кодексінде құжатты электронды түрде жүргізу көзделген

30.03.2015
Ардақ Теңгебаев: ЕАЭО Кедендік кодексінде құжатты электронды түрде жүргізу көзделген

Еуразиялық экономикалық одақ қағазбастылықтан бас тартпақ.

Ұйымның жаңа Кедендік кодексінде құжат айналымын электронды түрде жүргізу көзделген. Бұл туралы журналистермен кездескен Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев мәлімдеді. 

Қазіргі уақытта орган кедендік операцияларды жеңілдетуге басымдық берген. Мысалы, заңды тұлғаларға енді кедендік операцияларға қатыспай-ақ қоюға болады. Себебі, жүйе автоматты түрде реттеледі.

Сондай-ақ, декларацияны электронды түрде тапсыру жағы қарастырылуда.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу