Қызылордада босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды

03.02.2016
Қызылордада босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды
Еліміз бойынша алғашқы емдеу орны 30 адамға арналған.

Денсаулығы нашар, ауыр халдегі және босанғаннан кейін де медициналық көмекке зәру аналар әбден сауығып кеткенше осында болады.

Сонымен қатар, мекемеде жас аналар мектебі жұмыс істейді.

Мұнда баланы күту, отбасын жоспарлау сияқты мәселелер бойынша мамандар кеңес береді. Алдағы уақытта осындай орталықтарды облыстың барлық аудандарында ашу жоспарлануда.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу