Алматыдағы онкологиялық орталық ашық есік күнін өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы онкологиялық орталық ашық есік күнін өткізді

23.01.2016
Алматыдағы онкологиялық орталық ашық есік күнін өткізді
Мұнда қыз-келіншектерге барлық қызмет түрі тегін көрсетілді.

Елімізде жыл сайын әйелдердің жатыр мойыны обырынан 700 адам қаза болады. Ал, әр жылы осы дерт дендеген 1700-ден астам әйел аурухана төсегіне таңылады.

Бүгінде қатерлі ісік дүниежүзінде қауіпті ауру саналады. Сондықтан, оның алдын алу үшін бүгін Алматыдағы онкологиялық орталық ұжымы ашық есік күнін өткізді. Мұнда қыз-келіншектерге барлық қызмет түрі тегін көрсетілді.

Сондай-ақ, олар профилактикалық тексеруден кейін арнайы мамандардың кеңесіне жүгінді. Дәрігерлер келушілерге жылына бір рет онкологтарға қаралу керектігін жеткізді.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу