Сондай-ақ, «Нұрлы жол» бағдарламасын орындау мақсатында Ұлттық қордан 686 миллиард теңге қарастырылған. 2015 жылға жұмсалатын қаржы инфрақұрылымды жүзеге асыру, құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамыту, мектеп салу, агроөнеркәсіп кешенін қолдауға бағытталмақ.
Бүгінгі таңда «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 23 миллиард теңге игерілген. Қаржы республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге жұмсалған.