Мамандар жұқпалы вирустың алдын алу мақсатында 25-қазаннан бастап жаппай екпе жұмыстарын жүргізбек. Емдік шарасын созылмалы ауруы бар науқастар, жүкті әйелдер, қарттар мен балалар үйіндегі тәрбиеленушілер тегін алады.
Өткен жылы Астана қаласы бойынша жұқпалы респираторлық-вирустық инвекцияға 17 мыңға жуық адам шалдыққан. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда мың жарымға артық. Оның 83-іне тұмау диагнозы қойылған.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ