Алматы облысы, Балпық би ауылында жаңа емхана қолданысқа берілді. 250 адамды қабылдауға шақталған емдеу мекемесі Көксу ауданының тұрғындарына қызмет көрсетпек.
Бұл емхана «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынып, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, 180 штаттық бірлік бөлініп, жас мамандар жұмысқа алынды.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ