Астанадағы №1 қалалық аурухана жаңа аппаратпен қамтамасыз етілді. Құны 30 миллиондық құрылғы құлақ-мұрын қатерлі ісігін анықтап, оны залалсыздандырып сылып тастауға мүмкіндік береді.
Жаңа жабдықтардың арқасында дәрігерлер науқастарға барынша көмек көрсетуде. Дәрігерлер бұрын бір күнде 2 адамға ота жасайтын, қазір 24 сағатта 17 науқасқа операция жасай алады.
Айдана ҮСЕНБАЙ