Қазақстан мен Малайзия медицина саласындағы байланысты нығайта түспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Малайзия медицина саласындағы байланысты нығайта түспек

22.09.2015
Қазақстан мен Малайзия медицина саласындағы байланысты нығайта түспек

Қазақстандағы Малайзия елшілігінің сауда-саттық бөлімі отандық медицина саласының мамандарымен екіжақты байланысты нығайта түсу жолдарын қарастырды.

Ұлттық медицина қауымдастығы мақұлдаған бағдарламаға сай, тараптар құрал-жабдық, дәрі-дәрмек алмасуда және медициналық көмек көрсетуде өзара біліктілікті арттыруы тиіс.

Малайзиялық фармацевтика, медициналық құрылғылар және медициналық туризм бойынша маманданған 9 ірі компанияның өкілі  өнімдерін таныстырды. Шара шеңберінде шетелдіктер мен жергілікті іскер топтар бір-бірімен тәжірибе алмасты.  

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

                                                         

 

Хабарламаларға жазылу