Қазақстандағы Малайзия елшілігінің сауда-саттық бөлімі отандық медицина саласының мамандарымен екіжақты байланысты нығайта түсу жолдарын қарастырды.
Ұлттық медицина қауымдастығы мақұлдаған бағдарламаға сай, тараптар құрал-жабдық, дәрі-дәрмек алмасуда және медициналық көмек көрсетуде өзара біліктілікті арттыруы тиіс.
Малайзиялық фармацевтика, медициналық құрылғылар және медициналық туризм бойынша маманданған 9 ірі компанияның өкілі өнімдерін таныстырды. Шара шеңберінде шетелдіктер мен жергілікті іскер топтар бір-бірімен тәжірибе алмасты.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ