«Даму» қоры Алматы облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына сәйкес кәсіпкерлерге қолдау көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Даму» қоры Алматы облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына сәйкес кәсіпкерлерге қолдау көрсетті

26.03.2015
«Даму» қоры Алматы облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына сәйкес кәсіпкерлерге қолдау көрсетті

Бағдарламаның мақсаты - экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын ашу.

Алматы облысы, Қаскелең қаласында ашылған кондитерлік дүкен - «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқасында өрісін кеңейтті.

Дүкен иелері «Даму» қорынан қаржылай көмек алып, қосымша кондитерлік цех ашты. Бұл жерде тәжірибелі мамандар дәмі тіл үйіретін тәттілердің түр-түрін дайындайды. Дайын отандық өнім Қаскелең, Алматы қалаларында саудаға шығады.    

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасымен банктерде жалпы құны 629,2 миллион теңгені құрайтын тағы 11 жоба қаралуда.

Кез-келген кәсіпкердің іс бастауына қолбайлау болатын қаржыға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қол ұшын созады. Қаржы агенттігі ретінде кәсіпкердің тәуекелге барып, жұмыс істеуіне кепілдік береді.

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу