Басты Жаңалықтар Астанадағы Орынбор көшесінде жаңа емхана ашылды

Астанадағы Орынбор көшесінде жаңа емхана ашылды

Астанадағы Орынбор көшесінде  жаңа емхана ашылды

Астанада жаңа емхана ашылды. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғызылған амбулаториялық кешен бір ауысымда 500 адам қабылдайды.

Нысан консультативтік-диагностикалық бөлім, жалпы тәжірибе, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінен, 20 орындық күндізгі стационар және амбулаториялық хирургия орталығынан тұрады.

Мұнда заманауи медициналық құрал-жабдықтың барлығы орнатылған.

Орынбор көшесіндегі заманауи емхана енді сол жағалаудағы 80 мыңнан аса тұрғынға қызмет көрсететін болады.

 

Айбар ЖАҚСЫБАЕВ

 

Бөлісу